Техаста оқушы 21 адамды атып өлтірді
Сурет: pixabay
Техаста мектепте атыс болып, 21 адам қайтыс болды. Атыс шығарған 18 жастағы Сальвадор Ромас та көз жұмды, оны жедел әрекет ету тобы өлтірген болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Техас штатындағы бастауыш мектепте 18 жастағы жігіттің қолынан 21 адам қаза тапты – 5 пен 11 жас аралығындағы 18 бала мен үш ересек адам. Бұл туралы штат губернаторы Грег Абботт мәлімдеді, деп жазды Deutshe Welle.
Губернатордың айтуынша, күдікті Ювалде тұрғыны Сальвадор Ромас та қайтыс болды. Оны жедел әрекет ету тобы өлтірді деген болжам бар.
Қаскөй бастауыш мектепке барар алдында әжесін атып тастаған. Ол қазір Сан-Антониодағы ауруханада жатыр.
Оқиғаның мән-жайы АҚШ президенті Джо Байденге хабарланды. Президент елдегі туларды түсіруді тапсырды.
Қайғылы оқиғаны Федералдық тергеу бюросы тексеріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript