Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды
Сурет: zakon.kz
3 маусымда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының ортақ учаскесінде әскери қызметкерлер арасында атыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sputnik-Қырғызстанның хабарлауынша, екі жақтан жараланғандар бар.
Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі оқиға орнында екі елдің шекара өкілдері жүргенін айтты. Олар келіссөздер жүргізіп жатыр.
Республикалар арасындағы бөлінбеген аумақтар оқтын-оқтын шиеленіс аймағына айналғанын айта кеткен жөн.
Sputnik-Тәжікстан басылымы атыстың шығуына себеп болған бөлінбеген учаскелер екенін атап өтті.
24.kg хабарлағандай, атыс Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болған.
Қырғызстан тарапының хабарлауынша, тәжікстандық әскерилер Қырғызстан аумағынан шығу талаптарын елемей, заңсыз кірген. Осыдан кейін атыс басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript