Референдум-2022: Шетелдегі Қазақстан азаматтары да белсенді дауыс беруде
Сурет: ҚР СІМ
Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық Токио қаласындағы жақында 18 жасқа толған жас сайлаушы Алижан Салиев болды. Бұл оның алғашқы сайлауы және ол осы өзінің құқығын қуана іске асырды.
Мен жақында 18 жасқа толдым және осындай тарихи оқиғаға алғаш рет қатысу мен үшін өте қызықты. Оған қоса бұл үлкен жауапкершілік, өйткені менің дауысым да Конституцияны жаңартуда ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған елге айналғанын қалаймын. Алижан Салиев
Қазақстандықтар Токиоға Жапонияның әр түкпірінен, соның ішінде Хиросима, Осака және Киото сияқты алыс префектуралардан да дауыс беруге келіп жатыр. Оңтүстік Кореяның астанасындағы № 258 учаскеге алғаш болып қазақстандық отбасы Кәкім Данабаев пен Аруна Жәнібек келді.
Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады .
Бішкек, Ташкент, Ашхабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды.
Ереван мен Тбилисиде дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс істей бастады.
Нью-Дели мен Исламабадтағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.
Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Эр-Рияд, Джидда, Маскат, Дохада сайлау учаскелері жұмыс істей бастады.
Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбыдағы сайлау учаскелері дауыс берушілер үшін есіктерін ашты.
Ирандағы отандастарымыздың өтініштері негізінде учаскелік комиссия «Заркух» қазақстандық компаниясына тиесілі және елдің батыс бөлігінде орналасқан алтын кен орнында дауыс беру процесін жүзеге асырды.
Анкара, Ыстанбұл және Анталиядағы сайлау учаскелері Қазақстан азаматтары үшін жұмысын бастады.
Таяу Шығыста Амман, Каир және Тель-Авивтегі сайлау учаскелері де жұмыс істей бастады.











