Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин референдумда дауыс берді

Ерлан Карин дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 10:38 Сурет: Telegram/REFERENDUM2022.KZ
Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин дауыс беру үшін отбасымен бірге келді. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан No111 сайлау учаскесінде таңдауын жасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда еліміздің Негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстандықтар Конституциядағы түзетулерге «жақтап» немесе «қарсы» дауыс береді.

Референдумда 11,7 миллионнан астам Қазақстан азаматы дауыс бере алады.

Қазақстанда барлығы 10 мыңнан астам референдум өткізу орны құрылған.

Шетелде 65 сайлау учаскесі әлемнің 52 елінде ашылады.

Референдумға тізімдерге енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, референдум өтті деп танылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: