Рим Папасы «адамзатты жоймауға» шақырды, ЕО РФ газынан бас тарту жоспарын әзірледі

Санкция, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 23:51 Сурет: unsplrsh
Ішкі нарық мәселелері жөніндегі еурокомиссар Тьерри Бретон Еуроодақ бірнеше тармақты қамтитын ресейлік газдан бас тарту жоспарын әзірлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Болгария, Солтүстік Македония және Черногория Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың ұшағы үшін әуе кеңістігі жабық екенін мәлімдеді. Енді Сербия Президенті РФ министрінің 6-7 маусымға жоспарланған сапарына байланысты логистика мәселесімен айналысуға мәжбүр.

  • Рим Папасы "адамзатты жоймауға" және Украинадағы әскери әрекеттерді тоқтатуға шақырды. Папа мемлекет басшыларын келіссөздер үстел басында бас қосуды сұрады.

  • Австрия канцлері Карл Нехаммер Украинаның ЕО-ға кіруінің аралық кезеңін енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, қазір Украинаның ЕО-ға толық мүшелігі мәселесі өзекті болып табылмайды, бірақ Киев пен Еуропалық Одақ "дайындық аймағы" шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту үшін жұмыс істеуі керек.

  • Швеция мен Финляндия Түркияның шарттарын орындамайынша НАТО-ға кіре алмайды, - деді түрік президенті Режеп Тайып Ердоған. Сондай-ақ, Түркия басшысы БҰҰ-да реформа жүргізу идеясын қолдайтынын атып, әлем ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесінен де көп екенін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: