Жапония Ресейге жүк көліктері мен бульдозерлерді жеткізуге тыйым салды
Жапония 17 маусымнан бастап Ресейге жүк көліктерін, бульдозерлерді экспорттауға тыйым салды, деп жазды РИА Новости.
Бұған дейін Жапония Ресейге қымбат көліктерді, қымбат алкогольдік сусындар, косметика және тері бұйымдарын жеткізуге тыйым салған болатын.
Сонымен қатар мұнай өңдеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтарды, кванттық компьютерлер мен олардың компоненттерін, электронды микроскоптарды, 3D принтерлерді және оларға арналған материалдарды экспорттауға тыйым салынады.
Сондай-ақ Ресейге органикалық жарық диодтарын, микроэлектромеханикалық схемаларды, сутегі отынына және жаңартылатын энергия көздеріне арналған жоғары өнімді күн батареяларын, вакуумдық сорғыларды өндіруге арналған жабдықты жеткізуге тыйым салынады.
Сондай-ақ электромагниттік толқындарды анықтауды қиындататын өте төмен температураға арналған тоңазытқыш жабдықтар мен материалдарды экспорттауға тыйым салынады.