Қытайда шөл далада темір жол салынды

Қытай, темір жол, шөл, Такла-Макан , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 14:59 Сурет: pixabay
Темір жол Шыңжаң-ұйғыр автономды ауданындағы Хотань қаласы мен Жоцян уезінің арасын жалғайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұзындығы 825 шақырымға созылған темір жол Такла-Макан шөлінің шетін жанай өтеді, деп жазды 24.kz ақпараттық порталы.

Құрылыс барысы өңір табиғатының күрделілігіне байланысты 3 жарым жылға созылған.

Рельсті құмды дауылдан қорғау үшін жолдың кей бөлігі көпір сияқты салыныпты. Оған қоса 300 шақырымдай жерге 13 миллионнан астам ағаш отырғызылды.

Билік темір жол аймақтағы сауда-саттықтың да жандануына ықпал етеді деп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: