Ресейдің Рязань қаласының маңында ұшақ құлады

Ресей, Рязань, ұшақ апаты, апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2022 09:17 Сурет: pixabay
Құламас бұрын Ил-76 көлік ұшағында өрт шықты. Ұшақ апатынан үш адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшақ 24 маусымда Михайловское тас жолының маңында апатқа ұшырады, деп жазды «Известия».

Ұшақ бортында 10-ға жуық адам болған. Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ құлаған кезде сол маңайдағы ешқандай затқа зақым келмеген.

Апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бес адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Жерге құламас бұрын Ил-76 көлік ұшағында өрт болған.

Ұшақ құлаған жердегі өрт сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: