Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында тас жолда бірнеше көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

Жол апаты, Жамбыл облысы, бес адам қаза тапты, Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2024 14:44 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қажетті жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды", делінген полиция хабарламасында.

Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарға ауа райын бақылай отырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қырағы болу қажеттігін де ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: