Жетісу облысында көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Жетісу облысы, Ақсу ауданы, жол-көлік оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 13:00 Сурет: Telegram/police_of_kz
Жетісу облысының Ақсу ауданындағы Көлтабан – Матай тас жолында Mitsubishi Montero Sport көлігі жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, ауылдық жолдың 50 шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кеткен.

"Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Полицейлер қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуына не себеп болғанын анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: