Ливияда мұнай компаниялары наразылық акцияларына байланысты экспортты тоқтатты
Bloomberg-тің хабарлауынша, бұл порттарды Ливия мемлекеттік мұнай компаниясы National Oil Corp мен Waha Oil компаниялары пайдаланады. Соңғысы Эс-Сидер қаласындағы наразылықтардың салдарынан мұнай өндірісін толықтайн тоқтатуға мәжбүр болды.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, Ливияда мұнай өндірісі сәуір айының ортасынан бастап тәулігіне 600 мың баррельге дейін, яғни екі есе қысқарды.
Мемлекетте жаппай митингілер өтіп жатқаны атап өтіледі. Энергетикалық нысандардағы наразылық білдірушілер билікті Фатх Башагаға беруді талап етеді.
Жоғары лауазымды шенеуніктер сайлау өткізудің конституциялық тетіктері туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл - БҰҰ-ның елдегі бақталастар арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған соңғы әрекеті.