БҰҰ тараптарды Ливиядағы атыс-шабысты дереу тоқтатуға шақырды

БҰҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2022 13:50 Сурет: Instagram/unitednations
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Ливиядағы тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін кез-келген әрекетке жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы оның ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

Бас хатшы барлық тараптарды тұрақтылықты бұзатын кез-келген әрекеттен аулақ болуға шақырады. БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик

Сондай-ақ ол тараптарға БҰҰ арағайындық танытуға дайын екенін айтты.

Қарсыласушы қарулы топтар арасындағы қақтығыстар Триполиде 26 тамызда басталды. Қаланың тұрғын аудандары жаппай атыс-шабысқа ұласты, зардап шеккендердің саны әзірге айтылмайды. "Шекарасыз дәрігерлер" хабарлағандай, қақтығыс аймағында жергілікті тұрғындар мен тағы 8 мыңға жуық босқындар мен мигранттар қалып қойып отыр.

Сонымен қатар, наразылық білдірушілер Ливияның шығысындағы Тобрук өкілдер палатасының ғимаратына шабуыл жасап, өртеп жіберді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: