Нүкісте қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
Сурет: Өзбекстан СІМ
Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев брифингте Қарақалпақстанда туыстарында немесе емделуде жүрген Қазақстан азаматтарының барлығы отанына оралғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзбекстан-Қазақстан шекарасынан өту кезінде сұрақтар туды. Бүгінде осы сауалдарға жауап беретін және Өзбекстанда болған Қазақстан азаматтарын елге қайтаруға көмектесетін жедел штаб құрылды. Хорезм облысы, Қарақалпақстан жерінде. Туыстарына келгендер мен емделңп жатқандар қазір қайтып жатыр, қазір барлық жағдай жасалған. Біз олардың туған жерге оралуын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істеп, шаралар қабылдадық.Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязхожаев
Елші Өзбекстанда төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан қазақстандықтардың отанына қайтуы үшін «жасыл» дәліз жасалғанын айтты.
Алғашқы күндері халық жиналғанда тізім жасап, қауіпсіз жерге апардық. Төлқұжаттарды тексеру кезінде жүйе жабылды. Аумақта төтенше жағдай енгізіліп, бәрі толығымен жабылып, ештеңе іске қосылмаған кездің өзінде біз Қазақстанның азаматтары «жасыл» дәліз арқылы өтетіндей етіп жасадық, оларды шығара алдық. Алғашқы күндері 100 адам болды, кейін тағы қосылды. Міне, Маңғыстау облысымен шекарада орналасқан бақылау-өткізу пункті Қарақалпақстанмен де шектесіп жатыр. Ол жақа Нүкіс арқылы шығу керек. Әрине, бұл аймақтардан 200-400 шақырымдай жерге көшкен кезде олар тоқтатылды. Құрылған штаб түсініспеушілік болмас үшін, азаматтардың құқығы бұзылмауы үшін осы мәселелердің барлығын шешіп отыр.Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязхожаев
Сонымен бірге елші қазір елге оралуға ниет білдірген қазақстандықтардың барлығы Қазақстанға кетіп қалғанын жеткізді
Кейінгі күндері 3-5-і аралығында біз дәл бақылау бекетінде болған қазақстандықтың барлығын шығардық, яғни олардың барлығы туған жеріне оралды. Сыртқы істер министрлігі де, Самарқанд қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы да жақсы жұмыс істеді.Саидикрам Ниязқожаев
Сонымен қатар ол Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде құрбан болғандар мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты.
Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер немесе қаза тапқандар бар деген ақпарат болса, бұл туралы білер едіңіз.Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязхожаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript