Таяу Шығыстағы қақтығыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Таяу Шығыстағы қақтығыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2025 15:24 Сурет: ҚР СІМ
2025 жылғы 16 маусымда өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен Иранда жүрген барлық қазақстандықтармен байланыс бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бақытымызға орай, қаза тапқандар мен зардап шеккен отандастарымыз жоқ.


"Біз білетін барлық азаматтармен мессенджерлердегі чаттар арқылы байланыстамыз. Егер қандай да бір жағдай болса, олар бірден елшілікке хабарлайды", – деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін ол Израиль мен Ирандағы қазақстандықтардың саны туралы ақпарат берген болатын. 

Айта кетейік, 2025 жылғы 13 маусым күні таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымына соққы берді. Шабуыл салдарынан Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының Бас штабының бастығы Хоссейн Салами және Азад Ислам университетінің президенті Мұхаммад Техранчи қаза тапты.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Израильдегі ҚР елшілігі сол елде жүрген қазақстандықтарға шұғыл үндеу жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: