Қазақстан Мальдив аралдарымен визасыз режим туралы келісімді бекітті
Сурет: pixabay
Қазақстан үкіметінің 16 шілдедегі қаулысымен Мальдив Республикасының үкіметімен визалық талаптардан өзара босату туралы келісім бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес екі елдің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келуге, шығуға, транзитпен өтуге, келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға визалық талаптардан босатылады.
Келісімге 2022 жылдың 9 мамырында Мале қаласында қол қойылды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript