Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар Никарагуада 30 күн визасыз жүре алады

Паспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2022 15:53 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметі мен Никарагуа үкіметі арасындағы визалық талаптарды өзара алып тастау туралы келісім жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаны қабылдаудың мақсаты – Қазақстан мен Никарагуа Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамыту және жеңілдетілген визасыз рәсімді орнату.

Осылайша келісім тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары, жол жүру құжаттарының иелері екінші тарап мемлекетінің аумағында бір немесе бірнеше рет келуге, шығуға, транзитпен өтуге, уақытша болу үшін бірінші енгізілген күннен бастап әрбір 180 күндік кезеңде 30 күннен аспайтын уақытқа виза талаптарынан босатылады.

Егер екінші тарапта мемлекетінің аумағында 30 күннен астам болу немесе оның аумағында еңбек немесе коммерциялық қызметті жүзеге асыру ниеті болса, онда ұлттық заңнамаға сай талап етілетін тиісті визаны осы мемлекетінің заңнамасы шеңберінде алу қажет.

Бұл ретте дипломатиялық өкiлдiктiң немесе елшілік қызметкерлерi ретiнде екiншi мемлекеттiң аумағында iссапарда жүрген дипломатиялық, ресми және қызметтiк паспорттары бар азаматтар мен олардың отбасы мүшелері аккредиттеу мерзімінде мемлекет аумағына визасыз кіруге, тұруға және кетуге құқылы.

Мына құжаттар жол жүру құжаты ретінде жарайды:

Қазақстан үшін:

  • дипломатиялық паспорт;

  • ресми төлқұжат;

  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

  • Қазақстан Республикасына оралу туралы куәлік (тек Қазақстан Республикасына қайтару үшін);

  • теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазбаға немесе үзінді көшірмеге сай).

Никарагуа үшін:

  • дипломатиялық паспорт;

  • ресми паспорт;

  • қызметтік паспорт;

  • қарапайым паспорт;

  • уақытша төлқұжат, елге қайту үшін жарамды жол жүру құжаты;

  • теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазбаға немесе үзінді көшірмеге сай).

Құжат 15 шілдеге дейін талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: