Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пунктінің жұмыс режимі өзгереді
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Қарқыра – автожол пунктінің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қырғызстанда Ыстықкөл облысының Түп ауданында, Қазақстан жағында Алматы облысының Райымбек ауданында орналасқан.
Қазір бұл бақылау-өткізу пункті тек күндізгі уақытта жұмыс істейді.
Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 28 маусымға дейін орналастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript