Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пунктінің атауы өзгертіледі
Сурет: pxhere
Жоба Қазақстан Республикасы тарапынан "Камышановка" өткізу пунктінің атауын "Ақсу" деп ауыстыруды көздейді.
Бұдан бөлек, "Камышановка" өткізу пунктінің жұмыс тәртібін "тәуліктің жарық уақытынан" "тәулік бойына" ауыстырылады.
Сондай-ақ "Камышановка" және "Бесағаш" өткізу пункттерінің мәртебесін "екіжақтыдан" "көпжақты халықаралық" ретінде өзгертіледі.
"Жоба Қазақстан-Қырғызстан шекара маңы ынтымақтастығын, сондай-ақ тауар айналымыг ұлғайту және Орталыз Азия аймағы мемлекеттерінің туристік саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытталған",- делінген түсіндірмеде.
Хаттама жобасын қабылдаудан алынған нәтижелер халықаралық шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде күтіледі.
Құжат 29 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.