Жапонияда Синдзо Абэні жерлеу рәсімі өтетін күн белгіленді
Жапония үкіметі 8 шілдедегі терактіде қаза тапқан бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсімін 27 қыркүйекте өткізу туралы шешімді мақұлдады, деп жазды ТАСС.
Көптеген шетелдік делегациялар, соның ішінде мемлекет басшылары қатысады деп күтілген салтанатты шара Токиодағы Император сарайының жанындағы Будоканда (Жауынгерлік өнер залы) өтеді.
Мемлекеттік жерлеуді өткізудің нақты хаттамасы жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл рәсім 1967 жылы бұрынғы премьер-министр Сигэру Ёсида қайтыс болған кезде бір рет өткізілді.
Үкімет Абэнің отбасының тілегін ескере отырып, алдағы оқиғаның егжей-тегжейлерін кейінірек беруге уәде етті. Барлық шығындар мемлекет қазынасынан өтеледі.