Урсула фон дер Ляйен: Еуропалық одақ Украинаға 1 миллиард евро бөлді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2022 22:03 Сурет: Twitter/Ursula von der Leyen
Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропалық инвестициялық банк Украинаға арналған 1,59 миллиард евроны мақұлдады деп мәлімдеді. 1 млрд евросы бірден бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Еуропалық комиссияның басшысы Twitter-де жазды.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, бұл қаражат инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге және елдегі қызмет түрлерін қайта жандандыруға жұмсалады.

Бұған дейін ЕО дипломатия басшысы Жозеп Боррел Еуропалық Одақ Украинаға тағы 500 миллион евроның қару-жарағын жіберетінін айтқан болатын.

Ол жарты миллиард евро көлемінде бесінші траншты бөлу туралы шешім ЕО-ға мүше елдердің министрлік деңгейіндегі Украина бойынша байланыс тобының отырысында қабылданғанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: