Жаңалықтар тізбегі
0

NASA Қытайды зымыран-тасығыштарының ұшу мәліметтерін ұсынбады деп айыптады

NASA, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2022 12:51 Сурет: pixabay
NASA басшысы Билл Нельсон ҚХР "Чанчжэн-5B" зымыран-тасығышының ұшу траекторияларына қатысты мәліметтерді ұсынбағанын, ал бұл Жерге ғарыш нысандары қалдықтарының құлау қаупін болжау үшін қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлық ғарыштық державалар белгіленген тәртіпті ұстанып, осындай ақпаратпен өзара алмасып отыруы керек. Бұл әсіресе "Чанчжэн-5B" сияқты ауыр зымырандарға қатысты, өйткені бұл адамдардың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіреді, деп жазады "Известия" Нельсонның сөзін келтіріп.

Қытайдың басқарылатын ұшу бағдарламасы басқармасы Тынық мұхитына бірінші кезеңдегі екі сатылы зымыранның түскенін хабарлады. Салмағы шамамен 22 тонна болатын оның бір бөлігі атмосферада жанып кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: