Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық оқушы NASA-ның грантын жеңіп алды

Ярослава Кравчук, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 12:58 Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы Ярослава Кравчук NASA-ның білім грантын жеңіп алды. Ол кометалар мен астероидтар топырағынан сутегі отынын алу үшін Kanysh шағын ғарыш кемесінің үлгісін жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ярослава Кравчук өзінің өнертабысын сұхбат кезінде әуелі NASA өкілдеріне көрсетті. Кейін жаңалығын «XXII Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясында таныстырды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Енді павлодарлық оқушы жыл сайын FISE ғарыштық білім беру халықаралық қоры ұйымдастыратын NASA United Space School-ға Қазақстан атынан қатысады.

Кішкентай кезімнен ғарышқа әуестеніп, 4-сыныптан бастап түрлі ғарыш аппараттарын құрастыра бастадым. Ұшақ жасау идеясы оқу жылының басында пайда болды. Жобаны жүзеге асыруға зымыран ғылымы бойынша жаттықтырушы Евгений Бовсуновский, информатика және робототехника пәнінің мұғалімі Руслан Смайылов және Астроклуб жетекшісі Гүлнар Баубекова көмектесті. Жобаны әзірлеуге көмектескен педагогтеріме алғысымды айтамын. Халықаралық ғарыш мектебінде оқу – менің арманым. Бұған дейін мен қазақстандық жастардың ол жобаға қалай өткенін көрдім. Сондықтан мен де қатысып көруге шешім қабылдадым және ол қолымнан келді, – деді Ярослава.

Дарынды оқушы осы жазда Хьюстон университеті мен NASA ғарыш орталығына барады. Қазірдің өзінде ол NASA-дан негізгі бағдарламаға дайындық ретінде тапсырмалар алып жатыр. Ярослава өзінің болашағын ғарышпен байланыстырып, сүйікті ісімен айналысуды жоспарлап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: