Пелоси Тайванға не мақсатпен барғанын айтты

АҚШ, Тайвань, Қытай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2022 12:12 Сурет: видеодан скриншот
Америкалық делегация Тайванға АҚШ аралды қолдау жөніндегі міндеттемесінен бас тартпайтынын білдіру үшін келді. Бұл туралы АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайвань әкімшілігі басшысы Цай Инвэнмен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біздің делегация Тайванға Тайванға жақтасудан бас тартпайтынымызды ұқтыру үшін келді әрі уақыт сынағынан өткен достығымызды мақтан тұтамыз, – деді төменгі палатаның спикері TTV телеарнасына берген сұхбатында.

Пелоси «Ұлы Шоуцин Юн арнайы медалімен» марапатталды. Бұл – Тайвань билігінің ең жоғары марапаты.

Еске салайық, 2 тамызда АҚШ Өкілдер палатасының спикері Пелоси Тайбэй әуежайына қонды. Қытай президенті «отпен ойнама, күйесің» деп ескерткен АҚШ әкімшілігі Пекинді «бір Қытай» саясатына адалдығына сендірді, бірақ спикер шешімді өзі қабылдайды деп, сапардан алшақтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: