Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай Сыртқы істер министрлігі Пелоси мен оның туыстарына санкция салуы мүмкін

АҚШ, Қытай, Тайвань, санкция , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 17:12 Сурет: Twitter/Nancy Pelosi
Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мен оның туыстарына Тайванға барғанына байланысты санкция салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай Тайванға арандатушылық сапарынан кейін Пелоси мен оның жақын туыстарына санкция салады – деп мәлім етті Қытайдың Сыртқы істер министрлігі.

Еске салсақ, 2 тамызда АҚШ Өкілдер палатасының спикері Пелоси Тайбэй әуежайына қонды.

3 тамызда ол Тайвань аппаратының басшысы Цай Инвэнмен кездесті. Ол «Үлкен Шоуцин Юн арнайы медалімен» марапатталды. Бұл Тайвань билігінің ең жоғары марапаты саналады.

АҚШ делегациясы Тайванға АҚШ аралды қолдау жөніндегі міндеттемесінен бас тартпайтынын білдіру үшін келді, деді Нэнси Пелоси өз сөзінде.

Өз кезегінде Қытай Сыртқы істер министрлігі Пелосидің Тайванға сапарына наразылық білдіріп, айыптады. Ведомство бұл «Бір Қытай» қағидатын өрескел бұзатынын айтты.

Пелоси Қытайдың қарсылығына қарамастан, Тайванға барды, Қытайдың ішкі саясатына араласты және Қытайдың мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығына елеулі зиян келтірді, – делінген құжатта.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: