Жаңалықтар тізбегі
0

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы жағдайға байланысты отырыс өткізеді

Газа секторы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2022 10:32 Сурет: pixabay
Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс өткен жылдың мамыр айының басында шиеленісе түсті. Тараптар 1967 жылғы Алты күндік соғысқа дейін қалыптасқан шекараға бойынша дауласып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 8 тамызда Газа секторындағы жағдайға байланысты отырыс өткізеді, деп хабарлайды ТАСС.

Бес ел жабық есік жағдайында отырыс өткізуді сұрады: БАӘ, Франция, Қытай, Ирландия және Норвегия.

Араб Әмірліктері Газа төңірегіндегі шиеленістің ушығуына қатты алаңдаушылық білдіріп, сондай-ақ тараптарды барынша ұстамдылыққа шақырды.

6 тамызда Израиль қорғаныс әскері Палестинадағы "Ислам жиһад" тобының ұшыраған зымыраны нысанаға жетпей, Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия ауылына түсіп, бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар қаза тапты.

Сондай-ақ, соңғы екі күнде "Ислам жиһады" Израильге 400-ден астам зымыран жаудырғаны айтылады.

Палестина аумағының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Израильдің Газа секторына жасаған соққысы салдарынан 24 адам қаза тауып, тағы 203 адам жарақат алды. Қаза тапқандар арасында алты бала мен екі әйел бар.

Израиль әскері Газа секторында "Ислам жиһад" тобына қарсы "Арай" операциясын жүргізіп жатқаны алдында хабарланды. Израилдің әуеден жасаған соққысы кезінде елдің солтүстік бөлігіндегі "әл-Кудс бригадасы" тобының әскери қанатын басқарған Тайсир әл-Джабаридің қаза тапқаны да айтылды, деп жазды Известия.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: