Жаңалықтар тізбегі
0

Анжелина Джоли Газа секторына қатысты мәлімдеме жасады

Анжелина Джоли Газа секторына қатысты мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 21:41 Сурет: Instagram/angelinajolie
Америкалық актриса, модель және БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі Анжелина Джоли тағы да Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 қарашада Instagram-да жарияланған жазбада ол Газа халқының қашатын жері жоқ екенін айтты.

"Бұл дегеніміз – қамалған, қашатын жері жоқ халықты қасақана бомбалау. Газа жиырма жылға жуық уақыт ашық аспан астындағы түрме болып отыр. Оған қоса көз ілеспес жылдамдықпен жаппай бейітке айналып барады. Қаза тапқандардың 40%-ы - бейкүнә балалар. Бүкіл отбасы қырылып жатыр. Осыны бүкіл әлем бақылап отыр. Көп үкіметтің белсенді қолдауымен миллиондаған палестиналық бейбіт тұрғындар - балалар, әйелдер, отбасылар жаппай жазаланып жатыр. Мұның бәрі халықаралық құқыққа қайшы", - деп жазды Анжелина Джоли.

Оның пікірінше, "гуманитарлық бітім жариялаудан бас тарту және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тараптардың біріне немесе екеуіне бірден жауапкершілік жүктеу әрекеттеріне тосқауыл қою арқылы әлем көшбасшылары бұл қылмыстарға сыбайлас болады".

"Джабалия - Газа секторындағы босқындар лагерінің ең үлкені. 1948 жылғы соғыстан кейін бұл лагерьге негізінен Оңтүстік Палестинаның ауылдарынан келген босқындар қоныстанды. Лагерь небәрі 1,4 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. UNRWA агенттігі бір ғана Джабалияда 1948 жылғы қақтығыстан 75 жыл өткен соң 116 011 палестиналық босқынды тіркеді".Анджелина Джоли

UNRWA (UNRWA, Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі) – Сириядағы, Ливандағы, Батыс жағалаудағы және Газа секторындағы палестиналық босқындарға көмек көрсететін БҰҰ агенттігі. Агенттік білім беруді, денсаулық сақтауды және әлеуметтік қызметтерді көрсетуді ұйымдастырады. Ол осы елдер мен аймақтардағы шамамен 880 000 босқынның қажетін қанағаттандырады.

2023 жылдың қазан айының соңында Анжелина Джоли Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысқа қатысты өз ұстанымын білдірді. Ол сол кезде екі жақтағы бейбіт тұрғындардың азап шегіп жатқанына ашулы екенін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: