Әлемде мұнай бағасы түсе бастады
Сурет: pixabay
Сәрсенбі күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді. Инвесторлар «Дружба» мұнай құбыры жүйесінің оңтүстік тармағы арқылы Еуропаға мұнай жеткізуді қалпына келтіру перспективаларын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан уақытымен 12:22-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 95,59 долларға дейін, WTI қыркүйектегі фьючерстері 0,93%-ға, 89,66 долларға дейін төмендеді. Дегенмен таңертең мұнай құны біршама өсті, – деп жазды 1prime.ru.
Бір күн бұрын Украинаның мемлекеттік «Укртранснафта» компаниясы мәлімдегендей, «Транснефть» Украинаның «Дружба» құбырының оңтүстік тармағы бойынша Венгрияға, Чехияға және Словакияға мұнай айдауын тоқтатқанын растады, өйткені ресейлік тарап ЕО санкцияларынан транзитке төлем жасай алмайды.
Бірақ«Транснефть» Украина арқылы мұнай транзиті қызметі үшін төлемнің балама нұсқаларын зерттеп жатқанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript