ЕО Ресей көмірінің экспортына толықтай тыйым салды. Стивен Сигал Донбаста жүр

Украина, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2022 21:59 Сурет: pixabay
G7 елдерінің СІМ басшылары Ресейді Запорожье АЭС-ін Украинағ бақылауына өткізуге шақырды, Украина астық экспортынан кем дегенде 20 миллиард доллар түсім түседі деп күтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • ЕО-да ресейліктерге шенген визаларын беруге тыйым салу туралы ұсыныс талқылауға ұсынылды. Берлин бұл мәселені өз назарына алды, - деді ГФР үкіметі.

  • G7 елдерінің СІМ басшылары Ресейді Запорожье АЭС-ін Украинаның бақылауына қайтаруға шақырды.

  • 10 тамыздан бастап Еуропаға Ресейдің көмірін экспорттауға толықтай тыйым салынды. ЕО санкцияларының бесінші пакеті күшіне енгеннен кейін импорттаушы елдерге 10 тамызға дейін келісімшартқа отырып үлгеруге уақыт берілді.

  • Ростуризм Еуропаның көптеген елі ресейлік туристерге есігін тарс жаппайды деп үміттенеді.

  • Америкалық актер Стивен Сигал Донбасқа келді. Ол Еленовкада күл-талқаны шыққан түрменің орнында болды. Мұнда Мариуполь тұтқындары ұсталған, олардың арасында "Азов" ұлттық батальонының мүшелері де болған еді.

  • Литва президенті Гитанас Науседа Сочиде өнер көрсеткені үшін конькимен мәнерлеп сырғанаушы Маргарита Дробязко мен Повилас Ванагасты Литва мемлекеттік марапаттарынан айырды.

  • Lufthansa әуе компаниясы "ағымдағы нормативтік-құқықтық жағдайға байланысты" Ресейге ұшудан бас тарту бастамасының мерзімін 2023 жылдың наурызына дейін ұзартты. Осы уақытқа дейін Украинаға барлық рейстер тоқтатылады, өйткені бұл ел әуе кеңістігін жауып тастаған.

  • Украина астық экспортынан кем дегенде 20 миллиард доллар түсім түседі деп күтеді — Агросаясат министрінің орынбасары Тарас Высоцкий.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: