Лондонда Зеленскийдің қатысуымен ЕО басшыларының саммиті өтті

ABC News дерегінше, Зеленский АҚШ-тағы сәтсіз сапарынан кейін еуроодақтан қолдау күтіп отыр.
Саммиттен кейінгі баспасөз мәслихатында Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер "барлық еуропалық елдер бейбіт келісімге қол жеткізуге және "кейбір міндеттерді өздерніе алуға" үлес қосуы керек" деді.
Стармер Украинаны қолдау жоспарына көмек ағынын жалғастыру және Ресейге экономикалық санкцияларды сақтау кіретінін айтты. Оның айтуынша, кез-келген бейбіт келісім Украинаның егемендігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беруі керек және ол келіссөздер арқылы жүргізілуі тиіс.
Ұлыбритания тарапы Еуропаның соның ішінде Ұлыбританияның Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастыратынын, бірақ бұл жоспардың АҚШ-тан қолдау күтетінін айтты.
Бұл ретте, келіссөздер әлі аяқталған жоқ. 6 наурыз, бейсенбіде Еуропалық Кеңестің арнайы отырысы жоспарланған, оған тағы да Зеленский Украинадағы жағдайды талқылауға шақырылды.
Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Зеленскийді қолдап, Киевпен алда да жұмыс істейтіндерін айтқан болатын.