Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемде цифрлық валютамен алғашқы несие беріле бастады

Қытай, цифрлық валюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 14:08 Сурет: Zakon.kz
Қытайда цифрлық юаньмен алғашқы несие берілді. Сучжоу қаласындағы мунипиалды банк цифрлық валютаны тестілеу аясында жеке компанияға 500 мың юань несие берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы уақытта цифрлық валютаны сынақтан өткізуге Қытайдың басқа қалалары да қосылуы мүмкін, деп жазды «Хабар 24».

Қаржы цифрлық әмиянға түседі. Ал несиені Қытайдың орталық банкінің платформамасы арқылы жабады. Осылайша заманауи төлем құралы сынақтан өткізіліп жатыр.

Биыл бес айда электронды июаньмен 264 миллион транзакция жасалған. Осындай жолмен аударылған ақша көлемі 12 миллиард долларға жеткен.

Қытай халық банкінің мәліметінше, цифрлық юань әмиянды халықтың бестен бір бөлігі жүктеген. Бірақ ересектердің 44%-і бұл қосымшаны пайдаланбайтынын айтқан. Халықтың бір бөлігі электронды әмиянның қажет емес десе, қалғаны оның қалай жұмыс істейтінін білмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: