Саакашвилидің анасы баласының қандай ауруға шалдыққанын айтты
Сурет: Instagram/saakashvilim
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің анасы Гиули Аласания баласының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның бұлшықеттері атрофияға (солып, әлсіздену) ұшыраған. Мұны көзбен оңай байқауға болады, – деді Аласания mtavari Arxi телеарнасына берген сұқбатында.
12 мамырда медициналық тексеру үшін түрмеден ел астанасындағы клиникаға апарып, сол арада қалып кеткен Грузияның экс-президентінің хәлін білуге анасы келді. Сондай-ақ ол баласының иммунитеті қатты әлсірегенін атап өтті.
Бейсенбіде экс-президенттің ағасы Георгий Саакашвили саясаткерге 17 диагноз қойылғанын, ол өте нашар хәлде клиникаға түскенін, 11 келі салмақ жоғалтып үлгергенін айтқан. Саакашвилидің отбасы оны емдеу үшін шетелдік клиникаға ауыстыруды талап етуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript