Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ сарбазының сүйегі туған еліне жеткізілді

сарбаздың сүйегі жеткізілді Сурет: Қорғаныс министрлігі
Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Қалей Дүзбаевтың сүйегі Мәскеуден Нұр-Сұлтанға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ленинград түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының тумасы Қалей Дүзбаевтың сүйегін іздеушілер жасағы осы жазда тапқан еді.

1902 жылы Батыс Қазақстан облысында туған жауынгердің жерленген жерін 9 шілдеде Ленинград облысының Тосненск ауданындағы «Заслон» іздеу жасағының мүшелері тапқан. Мүрденің кімге тиесілі екені солдат медальонында сақталған жазбасына қарап анықталды. 

Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады. Олар бүгінгі Отан қорғаушылар үшін мұқалмас рухтың, қажымас қайраттың, жанқияр ерліктің және Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы үлгісі. Біздің бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарымыз батыр бабалардың ерлігін тарихта сақтауға, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге едәуір үлес қосатынына сенімдімін, – деді Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Нұр-Сұлтан әуежайының әскери секторында өткен қазақ сарбазының сүйегін күтіп алу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Орталық әскери оркестр, Құрмет қарауыл ротасы және Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Қалей Дүзбаевтың сүйегін қайта жерлеу рәсімі оның туған жерінде әскери құрметке сай өткізілмек.

«Atamnyn аmanaty» іздестіру жасағының басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиевтің айтуынша, бұл күндері Калужск облысындағы әскери-тарихи экспедицияға қазақстандық біріккен жасақ қатысып жатыр.

Айта кетейік, маусым айында қазақстандық үш жауынгер – Төлеген Үркербаевтың, Петр Абрамович Фоменконың, Николай Матвеевич Гуровтың сүйектерін елге жеткізу мен қайта жерлеу рәсімдері ұйымдастырылған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: