Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері елге жеткізілді
Рәсім барысында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздестіруге белсене қатысқандардың бәріне ризашылығын жеткізіп, алғысын білдірді.
Сұрапыл соғыстан оралмай, хабар-ошарсыз кеткен сарбаздар мен офицерлердің ұрпақтары әлі күнге дейін бабалары жайлы хабар күтеді. Соғыста қаза тапқан соңғы сарбаз жерленгенге дейін іздеу жалғаса бермек,– Біз бірлесіп атқарып жатқан жұмыс жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге, қазақстандық жауынгерлердің жанқиярлығы мен батылдығы туралы тарихты жадымызда сақтауға барынша ықпал етеріне сенімдімін. Руслан Жақсылықов
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін жеткізу "Atamnyn Amanaty" қоғамдық ұйымының арқасында ұйымдастырылды. Бұл ұйым Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына аттанып, қаза тапқан және хабарсыз кеткен сарбаздардың жерленген жерін анықтау бойынша мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен айналысады.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сұрапыл соғыстың басталғанына сексен жылдан астам уақыт өтті. Біздің ұйым бұл ретте мұрағат деректерін жинауда тынымсыз жұмыс істеп келеді. Жеңіс жолында біздің жарқын болашағымыз үшін қаза тапқандардың есімдері анықталып, олар іздеушілермен үнемі байланыста болады, – деді "Atamnyn Amanaty" басқармасының төрағасы Мұрат Молдағалиев.
Қазіргі уақытта Петр Абрамович Фоменко – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаковка ауылынан, Үркербаев Төлеген – Алматы облысының Ұзынағаш кентінен, Гуров Николай Матвеевич – Алматы қаласынан екені нақтыланды.
Аталған өңірлерде жауынгерлердің сүйектерін қарсы алу, туыстарына беру және әскери құрмет көрсетіліп, қайта жерлеу рәсімдері өтеді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі