Украинадағы жағдай: бүгін елдің бүкіл аумағында дерлік әуе дабылы қағылды

Украина, Ресей, АҚШ, транш, Украинаның Тәуелсіздік күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2022 22:24 Сурет: Украина президентінің ресми интернет өкілдігі
Украина атысты тоқтатуға келіспейді және Ресей Федерациясымен ешқандай жаңа «Минск келісімдерін» жасамайды. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Бүгін Украинаның Тәуелсіздік күні. Зеленский отандастарын құттықтады: «Біз бұл күнді әртүрлі жағдайда, тіпті әртүрлі уақыт белдеуінде тойлап жатырмыз, бірақ мақсатымыз біреу – Украинаның тәуелсіздігі мен жеңісін сақтау!».

  • Байден Украинаны Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елге ең үлкен транш – қару-жарақ пен әскери техника түрінде 3 млрд доллар берілетінін мәлімдеді.

  • Украина атысты тоқтатуға келіспейді және Ресей Федерациясымен ешқандай жаңа «Минск келісімдерін» жасамайды – Зеленский.

  • Бүгін Украинаның барлық жерінде дерлік әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды.

  • Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасына Украинаны террористік мемлекет деп тану жөніндегі заң жобасы ұсынылды.

  • Екатеринбургтің экс-мэрі Евгений Ройзман «Ресей Қарулы күштерінің беделін түсірді» деген айыппен ұсталды.

  • Ресей гвардиясы Украина қарулы күштерімен қызметтес болған Запорожье АЭС-інің екі қызметкерін ұстады.

  • ЕО-ның Киевтегі диверсияға немқұрайлы қарауы Украинаның өзін-өзі жоюына әкелуі мүмкін – РФ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Патрушев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: