Британ монархының тәжі ханзада Чарльзға өтеді

Букингем сарайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2022 23:55 Сурет: Instagram/charlesprinceofwales
Букингем сарайы ханзада Чарльз Ұлыбританияның патшасы болатыны туралы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чарльзды патша ретінде ресми түрде ұлықтау рәсімі Лондондағы Сент-Джеймс сарайында мүмкіндік туған сәтте тезірек өткізілетіндігі де айтылады. Ол тақ мұрагерлігі кезегіне 70 жыл бұрын тіркелген.

Бұған дейін ІІ Елизавета патшайым денсаулығының нашарлауына байланысты дәрігерлердің бақылауына алынғаны хабарланған.

The Guardian газеті Ұлыбританияда монарх қайтыс болған жағдайда әрекет ету тәртібін жариялады.

Қазақстан уақытымен түнде патшайым 96 жасында Балморал қамалында дүниеден өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: