Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялады
Сурет: pixabay
Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жариялап, Ресейде жартылай мобилизациялау жүретінін жариялады. Мобилизациялау шаралары 21 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ Ресей президенті әскерге шақырылғандар міндетті әскери дайындықтан өтетінін де нақтылады.
Әскери қызметке қазіргі уақытта запастағы және ең алдымен Қарулы күштер қатарында қызмет еткен, белгілі бір әскери мамандықтары және тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана шақырылады. Бөлімдерге жіберілгенге дейін әскери қызметке шақырылғандар арнайы әскери операция тәжірибесін ескере отырып, міндетті түрде қосымша әскери дайындықтан өтеді. Владимир Путин
Владимир Путиннің «Ресей Федерациясында ішінара мобилизациялау туралы» жарлығы kremlin.ru сайтында жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript