Филиппинді "Нора" супер тайфуны басып қалды

тайфун, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 10:14 Сурет: pixabay
Филиппинде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің айтуынша, "Нору" супер тайфунының максималды тұрақты жылдамдығы сағатына 195 шақырымға жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейстер мен паромдар тоқтатылды.

Манилада "Супер тайфун" әсерінен қатты жаңбыр жауып жатыр. Тайфун ауылшаруашылық жерлеріне зиян келтірген, су астында қалған ауылдар бар.

Кесон провинциясының тұрғындары эвакуацияланды. Аврора провинциясында Дингалан тұрғындары пана іздеп жатыр Бұл аймақтардың тұрғындарын эвакуациялау енді басталды. Эвакуацияланушыларды қабылдау үшін кемінде 50 эвакуациялық пункт ашылды, деп жазады klajoo.com.

Филиппиндік ауа райы қызметі 5-деңгейдегі ескерту жасады. Бұл дегеніміз ең жоғары көрсеткіш.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: