Жапонияда тайфун салдарынан 9 млн адам эвакуацияланды

Жапония, тайфун, Кюсю,Нанмадол, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 14:16 Сурет: pixabay
Жапонияда Нанмадол супер тайфуны салдарынан 9 миллионнан астам адам эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының мәлімдеуінше, тайфун Жапонияның төрт негізгі аралының бірі – Кюсю тұрғындарын әбігерге салды.

Нанмадолды Жапония тарихяндағы ең күшті тайфун болғаны айтылып жатыр.

Табиғи апаттың салдарынан электр желілері үзіліп, көлік қатынасы тоқтады, 350 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Ел ауқымды су тасқыны мен көшкінге дайындалып жатыр. Көптеген дүкен мен мекемелер жабылды.

Айта кетейік, супер тайфунның жылдамдығы сағатына екі жүз отыз шақырымға жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: