Филиппинде тайфун салдарынан 75-ке жуық адам көз жұмды
Сурет: pixabay
Тынық мұхитында "Жұмақ" тайфуны мінез көрсетіп, Филиппин жағалауын сыпырып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Rg.ru мәліметінше, келіп түсіп жатқан ақпараттар нақты деректер емес, өйткені табиғи апаттың салдарынан байланысқа қатысты проблемалар туындаған.
Бұған дейін 33 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат жарияланған болатын.
Гонконг метеорологиялық обсерваториясының мәліметі бойынша, "Жұмақ" – осы маусымда төбе көрсеткен 22-ші тайфун. Ол Тынық мұхитының батыс бөлігінен пайда болды. Жексенбі күні түстен кейін табиғи апаттың ошағы Вьетнамның Биндин провинциясындағы сулы аймаққа жетеді деп болжанады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript