Армения Қазақстандағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатыспайды

Армения, ҰҚШҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2022 09:56 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжанмен шекарадағы жағдайға байланысты биылғы оқу-жаттығуларға қатысу мүмкін емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Армения биыл Қазақстандағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатыспайды. Бұған себеп Армения – Әзербайжан шекарасындағы жағдай, деп жазады Infocom.

ҚР Қорғаныс министрлігі 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен "Өзара іс-қимыл-2022", "Поиск-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өтетінін хабарлады.

13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасында қарулы қақтығыс болды. 14 қыркүйекте Армения әскери көмек сұрап ҰҚШҰ-ға жүгінді.

21 қыркүйекте аймаққа ұйымның бас хатшысы Станислав Зась бастаған ҰҚШҰ миссиясы келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: