Жаңалықтар тізбегі
0

Путин Украинаны үстел басына - келіссөздерге оралуға шақырды

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 19:11 Сурет: kremlin.ru
РФ Президенті Владимир Путин Донецк пен Луганск Халық Республикаларының, сондай-ақ Запорожье мен Херсон облыстарының тұрғындары өз таңдауын жасады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол ЛХР, ДХР, Херсон және Запорожье облыстарындағы Ресей Федерациясына қосылу туралы референдумдардан кейін келісімшарттарға қол қою рәсімінде мәлімдеді.

Салтанатты рәсім "Россия 1" телеарнасынан тікелей эфирден көрсетілді.

Донецк және Луганск Халық Республикаларында, Запорожье және Херсон облыстарында референдумдар өтті. Олардың қорытындысы шығып, нәтижелері белгілі болды. Адамдар өз таңдауын жасады, яғни біржақты таңдауды. РФ Президенті Владимир Путин

РФ Президенті Ресейге жаңа территориялардың келіп қосылуы туралы заңдарды Федералды жиын қолдайтынына сенім білдірді.

Президент өз сөзінде Киевті үстел басына, келіссөздерге қайта оралуға шақырды.

Біз Киев режимін атысты, барлық әскери іс-қимылдарды, 2014 жылы басталған соғысты дереу тоқтатып, келіссөз үстеліне оралуға шақырамыз. РФ Президенті Владимир Путин

Путин өздерінің бұған дайын екенін, бұл туралы бірнеше рет айтылғанын жеткізді.

Сонымен қатар ол осы аймақтардағы тұрғындардың БҰҰ Жарғысының бірінші бабы кепілдік беретіндей, өз-өзін айқындауға құқығы барын айтты. Ол КСРО-ның ыдырауы адамдардың пікірін елемей, партиялық элиталардың қабылдаған шешімі деп атады. Путин аталған төрт аймақтың тұрғындары енді Ресей азаматтары болып табылатынын атап өтіп, Ресей өз жерін барлық күш-жігерімен және құралдарымен қорғауға бейіл деп уәде берді.

Киев билігі мен олардың батыстағы нақты қожайындары естісін деп айтып отырмын, барлығы да жадына дұрыстап түйіп алсын: Луганск, Донецк, Херсон және Запорожьеде тұратын адамдардың барлығы біздің азаматтарымыз болып табылады. Мәңгіге. РФ Президенті Владимир Путин

ЛХР, ДХР, Херсон және Запорожье облыстарын қосу туралы келісімдерге қол қою Путиннің сөзінен кейін жүзеге асырылуы керек.

Бұған дейін Владимир Путин Херсон және Запорожье облыстарын Украинадан тәуелсіз территориялар деп тану туралы Жарлықтарға қол қойған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: