Путин жаңа территориялардың Ресей құрамына енуі туралы келісімшартқа қол қойды
РФ Президенті Владимир Путин және өз-өзін егемен деп жариялаған ДХР, ЛХР басшылары, сондай-ақ Херсон мен Запорожье облыстарының әскери-азаматтық әкімшіліктерінің басшылары Денис Пушилин, Леонид Пасечник, Владимир Сальдо және Евгений Балицкий жаңа субъектілер құқығы негізінде осы территориялардың Ресей құрамына енуі туралы шарттарға қол қойды.
Шарттарға қол қойылғаннан кейін олардың мәтіні Ресейдің негізгі заңдарына сәйкестігін анықтау үшін Конституциялық сотқа жолданады, содан кейін олардың негізінде жаңа территорияларды қосып алу туралы заң жобасы әзірленеді. Оны РФ парламентінің жоғарғы және төменгі палаталары ратификациялауы керек, содан кейін Президент заңға қол қойып, ол өз күшіне енеді.