Ресей мен Украина саясаткерлері референдумға қатысты пікірлерін білдірді

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 21:53 Сурет: kremlin.ru
РФ Президенті Владимир Путин 20 қыркүйекте ЛХР, ДХР, Херсон және Запорожье облыстарындағы референдумдарға қатысты мәлімдеме жасауы мүмкін. Финляндия Еуропалық Одаққа ресейліктерге туристік виза беруге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • РФ СІМ басшысы Лавров референдумдар туралы: "Қазіргі жағдай Донбасс тұрғындарының өз тағдырының егесі болғысы келетінін растайды".

  • Украинаның Запорожье облысындағы референдум Ресей Федерациясының бақылауындағы территория – Рогов аймағының әскери-азаматтық әкімшілігінің өкілдігінде өтеді.

  • Украинаның Ресей Федерациясының бақылауындағы территорияларда өткізілетін референдумдар туралы ақпаратқа түсінік бере отырып, Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Ермак мұны "бос бопсалау" деп атады және "қауіпті тек күшпен жоюға болатынын" жеткізді.

  • Украина өз территориясын босатуға толық құқылы және солай болады да. Жалған "референдумдар" да, гибридті "мобилизация" да ештеңе өзгерте алмайды – Украинаның Сыртқы істер министрі Кулеба.

  • РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев референдумдардан кейін әлемдегі геосаяси трансформация өзгертуге келмейтіндей сипатқа ие болады деп мәлімдеді.

  • РФ Президенті Владимир Путин 20 қыркүйекте ЛХР, ДХР, Херсон және Запорожье облыстарындағы референдумдарға қатысты мәлімдеме жасауы мүмкін. Бұл туралы РБК-ға Президент әкімшілігіне жақын үш дереккөз мәлімет берген.

  • Күйеуі Максим Галкиннен кейін өзін де шетел тыңшысы деп тануды өтінген жазбасынан соң Пугачева Ресей Федерациясының армиясының беделін түсірген-түсірмегеніне қатысты тексеріледі.

  • Ресейге қарсы санкциялар пакетіне Финляндия ресейліктерге туристік виза беруге тыйым салуды енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Финляндия СІМ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: