Ресей саясаткерлері бірінен кейін бірі оқшауланып жатыр

COVID-2019, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 21:12 Сурет: Instagram/zyuganov_gennady
РФ Коммунистік партиясының көптеген мүшесі коронавирус инфекциясын жұқтырған. Алдында ЛДПР басшысы Владимир Жириновскийдің COVID-19 жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болған, деп хабарлайды Zakon.kz

Коммунистік партияның басшысы Геннадий Зюганов өзін емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша екі-үш күнге ауруханаға жатуды жөн деп шешті, деп хабарлайды РИА Новости.

Зюганов қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртүрлі қауіптерді болдырмас үшін, фракциядағы көптеген адам ауырып, оқшауланғанын, сондай-ақ жеке медициналық тексеріс нәтижелері бойынша дәрігерлердің ұсыныстарын ескере отырып, екі-үш күнге профилактикадан өтуді жөн деп шешті. Саясаткердің баспасөз хатшысы Александр Ющенко

Бұған дейін ресейлік БАҚ коронавирусқа байланысты ЛДПР басшысының ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Бастапқы ақпарат бойынша Владимир Жириновский жасанды тыныс алу апппаратына қосылғаны айтылды, бірақ кейінірек партияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, саясаткердің жұмыста жүргенін жеткізді.

Кейінірек Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі Жириновскийдің жағдайы тұрақты деп бағаланғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: