Жириновскийдің кеңестік шетелдік төлқұжаты аукционға қойылды

ЛДПР партиясының негізін қалаушы Владимир Жириновскийдің кеңестік үлгідегі шетелдік төлқұжаты Санкт-Петербургте аукционда сатылатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Лот Солтүстік аукцион үйінің сайтында жарияланған, сауда 27 сәуірге жоспарланған. Бастапқы баға – 100 мың рубль.
Сипаттамада көрсетілгендей, құжатта визалар, Ресей шекара қызметінің белгілері және Жириновскийдің өз қолтаңбасы бар. Паспорт 1992 жылдың 19 қазанында бес жыл мерзімге берілген. Саясаткердің туған жері ретінде Алма-Ата қаласы көрсетілген.
Төлқұжаттың мұқабасы – коленкор матасынан жасалған, бедерленген, ішкі беттері толық толтырылған. Құжатта қолданылғанының іздері байқалады, дегенмен жалпы жағдайы жақсы деп бағаланған.

Сурет: bidspirit
Еске салсақ, Жириновский 2022 жылдың 2 ақпанында COVID-19 диагнозымен ауруханаға түсіп, 6 сәуірде ауыр және ұзаққа созылған аурудан көз жұмды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript