Путин төрт аймақта соғыс жағдайын енгізу туралы жарлыққа қол қойды

Владимир Путин, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 18:19 Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Херсон және Запорожье облыстарында, сонымен қатар өз егемендігін жариялаған ЛХР мен ДХР-да әскери жағдайды енгізу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Путин Ресейге қосылған төрт аймақта – өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларында, Запорожье және Херсон облыстарында әскери жағдайды енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Оның айтуынша, бұл шешім Украинадан келетін лаңкестік қауіптерге байланысты қабылданған.

Әскери жағдайдың қанша уақытқа енгізілгені әлі белгісіз.

Жарлық Федерация Кеңесіне бекітуге жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: