ІІМ: Ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кірді
Сурет: Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ресеймен шекарадағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай бақылауда.
21 қыркүйектен бері (осы күні Ресей президенті Владимир Путин жартылай мобилизация туралы хабарлады – ред.) Қазақстанға 200 мыңнан астам Ресей азаматы кірсе, 147 мыңы кеткен.Марат Ахметжанов
Министр қазір бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Ішкі істер министрлігі басшысының айтуынша, 3 қазанда Қазақстанға Ресейдің 7 мың азаматы келсе, 11 мыңға жуық адам кеткен.
27 қыркүйек күні Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Ресей Федерациясының 441 азаматы азаматтық алуға өтініш білдіргенін, оның 117-сі Ресейден келген этникалық қазақтар екенін айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript