ІІМ басшысы күніне қанша ресейлік келіп жатқанын айтты
Сурет: gov.kz
18 қазанда өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы Марат Ахметжанов Ресейден Қазақстанға келгендер кеткендерге қарағанда аз екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның сөзінше, "бұрынғы жағдайға оралдық".
Қазір Ресейден келуші азаматтардың саны кетіп жатқандардан аз. Марат Ахметжанов
Ол күніне 8-9 мың азамат келетінін, 10-11 мың азамат кететінін айтты.
"Ресейліктерді депортациялау жағдайы болды ма?" деген сұраққа Ахметжанов "иә" деп жауап бергенімен, нақты қанша адам депортацияланғанын айтпады.
4 қазанда Ішкі істер министрлігі Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін (21 қыркүйек) Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келгенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript