Жаңалықтар тізбегі
0

Нью-Йоркте мигранттар ағынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

Төтенше жағдай режимі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2022 09:31 Сурет: pixabay
АҚШ-тағы ең ірі қаланың мэрі Эрик Адамс келіп жатқан заңсыз мигранттардың үлкен ағынына байланысты Нью-Йоркте төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қала дағдарыс жағдайында. 2022 жылдың сәуір айынан бастап оңтүстік шекарадан 17 мыңнан астам адам бас сауғалап келген. Олардың көпшілігі Оңтүстік Америкадан келгендер.

Бүгін Нью-Йоркте төтенше жағдай режимін жариялаймын және соған сәйкес ереже шығады, деп ТАСС Адамстың сөзін келтіреді.

Билік аталған мәселені шешуге 2023 жылдың маусым айының соңына дейін шамамен 1 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отыр.

Әкім қаладағы үйсіздерге арналған баспана жүйесі 100% қамтылғанын, 60 мыңнан астам адам үнемі түнде жататын орын іздейтінін, оның 20 мыңға жуығы балалар екенін атап өтті. Оның үстіне күн сайын Оңтүстік штаттардан мегаполиске қандай да бір келісімсіз немесе ескертусіз 5-6 автобус заңсыз мигранттар келіп жатады.

2022 жылы Техас, Аризона және Флорида билігі Мексикамен арадағы шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктерді Вашингтонға, Нью-Йоркке және басқа да ірі қалаларға автобустармен жаппай жөнелте бастады. Көпшілік АҚШ президенті Джо Байденнің мұндай тым жұмсақ көші-қон саясатына наразы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: