Коста-Рика билігі мигранттардың көптеп келуіне байланысты төтенше жағдай жариялады

Коста-Рика, АҚШ, мигрант, ТЖ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 13:12 Сурет: pixabay
Коста-Рика президенті АҚШ-қа жету үшін аралға мыңдап келіп жатқан мигранттар ағынына байланысты елде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN басылымының жазуынша, Коста-Рика президенті Родриго Чавес баспасөз мәслихатында АҚШ-қа жету үмітімен аралға келген мигранттардың көптігіне байланысты елде төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болғанын айтты. Президенттің сөзінше, мигранттардың көбі Венесуэла, Эквадор, Колумбия, Қытай, Гаити, Йемен және Бангладештен келеді.

Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша, тек тамыз айында ғана Коста-Рикаға 84,5 мыңға жуық мигрант келген. Колумбия мен Панаманы байланыстыратын Дариен деп аталатын игерілмеген аумақта жыл басынан бері Колумбиядан қашқан 249 мыңға жуық адам қоныстанған. Олардың көбі сол жерден Америка Құрама Штаттарына жетуге үміттеніп, Коста-Рикаға барады.

Коста-Рика – Америка президенті Джо Байден әкімшілігінің бастамасымен мигранттардың АҚШ шекарасын заңды түрде кесіп өтуіне мүмкіндік беретін арнайы орталықтар ашылып жатқан елдердің бірі. Қазірдің өзінде мұндай орталықтарға 38 мың адам тіркеліп үлгерген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: